Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

«Жас  ҚАЗАҚ ҮНІ» – бар «ҚАЗАҚ ҮНІ» газетіне айналды!

«Қазақ үні» газеті алғаш «Жас  қазақ үні» деген атпен  2000 жылы 11 тамызда 15 мың данамен жарық көрді.

Басында газет «Жас қазақ» деген атпен тіркелмек болып, ЖШС аты «Жас қазақ» тәуелсіз газеті редакциясы» деген атпен тіркелген еді.  Бірақ газетті бұл атпен сол кездегі Ақпарат министрі тіркеуден бас тартқан соң, үш айлық айтыс-тартыстан кейін  газет «Жас қазақ үні» болып тіркелді.  «Жас қазақ үні» бірақ ел ішінде «Жас қазақ» деген атпен де белгілі болып келді.

«Жас қазақ үні»   газеті республикаға белгілі қоғамдық-саяси ұлттық басылым. Өткірлігі мен әділдігі және  көбінесе біржақты басылымдар арасында билікті де, оппозицияны да ашық та, батыл сынайтынымен   ерекшеленеді. Ең басты мақсаты – Ұлт мүддесінің ұпайын түгендеу.

Негізгі тақырыбы – мемлекет пен ұлт мүддесін қорғау. Парламент депутаттары Мемлекеттік тілге қарсы шыққанда, оның стенограммасын жариялап жіберген газеттің сең қозғаған сенсациялық  мақаласы елімізді дүр сілкіндіріп, зиялы қауымның Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдауына себепші болды. Оны көптеген баспасөз құралдары қатты қолдап кеткені белгілі. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда»  біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті»  газеті: «Жас қазақ  үні»  бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды.

Қазір  «Жас қазақ үні» – бар қазақ үніне айналды. Сондықтан да электрондық порталымыз www.qazaquni.kz деп аталып отыр. «Көптеген ұлт қайраткерлерінің ұсыныстары бойынша  газетіміздің аты да болашақта «Қазақ үні» деп аталуы мүмкін…» деген едік. Енді міне, оқырмандарға айтар қуанышты жаңалығымыз – газетіміз «Қазақ үні» аталды.  Меншік иесі және шығарушы аты да өзгеріп, «Қазақ үні» ЖШС болды.

«Қазақ үні» газеті  Президенті – Редакторлар кеңесі төрағасы  Қазыбек ИСА.

Қазыбек ИСА елімізге белгілі ақын, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,  Сергей Есенин атындағы «Алтын күз» ордені иегері және «Құрмет» ордені иегері,  «Қазақ үні» газетінің негізін қалаушы. 

 



6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. САЯ ЕЛЕУ 20 Қыркүйек, 2012, 16:42

    САЛЕМЕТСИЗДЕРМЕ! СІЗДЕОГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІҢ! ГАЗЕТТЕРІҢІЗДІ ӘРДАЙМ ҒАЛАМТОРДАН ОҚЫП ТҰРАМЫЗ! ӨТЕ ТАМАША…БАР ҰЖЫМҒА УЛКЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ… ІЗГІ НИЕТПЕН АСТАНАДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ АТЫНАН САЯ

    Жауап жазу
  2. ЖАМБУЛ МАДИНА 14 Шілде, 2015, 13:36

    МАГАН ГРАНТ КЕРЕК ТАУЫП БЕРЫНДЕР :bala: :oilanu: :shoshu: :zhlau:

    Жауап жазу
  3. Әбдіқадыр 24 Қазан, 2015, 01:58

    Ассалаумағалайкум, Қазбек бауырым! «Жас қазақ үні» газетінің бірінші санын түптеп, типографияға апарып таңға дейін жүргенім есіме түсіп отыр. Сол бірінші санын шығарудағы қиындықтары мен қызықтары да есімде қалды…
    Құттықтаймын! Табыс тілеймін! «Қазақ үні» өз деңгейінен түспейтініне сенемін! Алға!

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 15 Қыркүйек, 2016, 21:21

    :bala:

    Жауап жазу
  5. Nafisa 15 Қыркүйек, 2016, 21:24

    Men jas bala emespin kurdeli tengdeulerdi beringiz otiniw. Prozba ya ne maliw. Zadayte mne slojniye ravnost

    Жауап жазу
  6. Айжан Алхабек 30 Сәуір, 2017, 15:29

    Газеттеріңізде өлең жарияланады ма?
    Жарияланса ақылы ма? Əлде тегін бе? Редакторға ұнаған жағдайда ғана ма? Осы газетті жиі оқимын , өлеңімді жарияласам деп едім

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*