Жер салығы заңнамасының пайдаланылмауы жерді мақсатты пайдаланушылардың құқығын бұзуы мүмкін - депутат

019Жер қатынастарын реттеудегі нормалар жерді мақсатты пайдаланушылардың құқығын бұзуы мүмкін. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Гүлнәр Бижанова осы мәселені көтерді.

Депутат сөз арасында агроөнеркәсіп саласында дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бірқатар мемлекеттік қолдаулар жасалғанын, алайда заңнамалық олқылықтар салдарынан ондай қолдаулар тиісті деңгейді тиімділік бермей отырғанын атап өтті. Г. Бижанованың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда жер қатынастарын реттеу заңнамасындағы нормалар жерді мақсатты пайдаланушылардың құқығын бұзуы мүмкін.

«Біріншіден, жер салығы заңнамасы пайдаланылмай, оларды мәслихаттың шешімімен жер салығы базасын он есеге ұлғайту алаңдатып отыр. Осының салдарынан Қарағанды облысында ғана екі жүз гектар жерде дәнді дақылдар мен жеміс өсіретін көптеген тауар өндірушілер жерді пайдалана алмай отыр. Екіншіден, тұқым шаруашылығын дамыту бойынша субсидия ережесінің өзгеруі де өндірушілерді алаңдатады. Қолданыстағы норма бойынша оларды жеткілікті көлемде тұқымдармен қамтамасыз ету мүмкін емес», дейді депутат.

Бұдан бөлек, Г. Бижанова шабындық шаруашылығын мемлекеттік қолдауда да біршама олқылықтар бар екенін алға тартады. Оның айтуынша, бұл бағыттағы қолдаулардың сенсек пайызға жуығы ірі агрохолдингтерге бағытталған. Өйткені, энергоүнемдеу мен жаңа технологияларды пайдалану туралы талаптарды ірі агрохолдингтер ғана жасай алады. «Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі өнімді 40-60 пайызға дейін шағын және орта шаруашылықтар өндіріп отырғанын естен шығармауға тиіспіз», деді депутат.

Дерек көзі: ҚазАқпарат