Гена чемпион!

011Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті титулға ие болды, деп хабарлады Sports.kz.

«Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартуы жайлы ресми хабар алды.  Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. WBC  Канелоға  карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге үміт артып отырмыз». - делінген ұйым қаулысында.

Дерек көзі: Sports.kz