ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатында жиын өтуде

023Бүгін, Астанада Қазақстанның Еуразиялық Бизнес Қауымдастығының аясында ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатында дөңгелек үстел өтуде. Еліміздің ертеңгі инвестициясын жақсартуға ұмтылатын бұл жиынға ҚР Сыртқа істер Министрі Е.Идрисов, ҚР инвестициялар жəне даму министрі А.Исекешов, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларды атқарып жүрген басшылар, шетелдік консулдар мен халықаралық бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.

Жүзден аса шетелдік өкілдердің қатысуымен болып жатқан дөңгелек үстелді EUROBAK Директорлар Кеңесінің Төрағасы, "Орта Азия Сименс" Президенті Аудрис Барцявичюс ашты. EUROBAK қауымдастығы ұйымдастырып жатқан бұл шара Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту үшін шетелдік бизнес-қауымдастықтардың маңызды мəселелерін талқылауға арналған. Бəрі оңынан шешіліп, мəмілеге келе алса, ары қарай бірлесе жұмыс атқару жоспары бар.

qazaquni.kz