Шығармашылық бәйге: Жүлде – миллион теңге!!!

Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

13149974_10154148887799715_794469571_n2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, қазақ көшінің басталғанының 25 жылдығы сынды ірі оқиғалардың қатарында қазақтың Ұлт азаттық күресінде басын берген баһадүр, Алаш үшін құрбан болғандардың бірі Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл.

Осындай мерейлі мерекелермен тұспа-тұс келіп отырған Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы 11 мемлекетте аталып өтіліп, халықаралық дәрежеде тойлануда. Осыған орай «Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасының» шешімімен шығармашылық бәйге ұйымдастырылып отыр.

Мақалалар бәйгесі:

Бас жүлде(біреу) 500 мың теңге

 Бірінші орын (біреу)

Екінші орын(екеу)

Үшінші орын(үшеу)

Арнайы жүлде(бесеу)

Жыр мүшәйрасы:

Бас жүлде (біреу) 500 мың теңге

 Бірінші орын (біреу)

Екінші орын(екеу)

Үшінші орын(үшеу)

Арнайы жүлде(бесеу)

Бәйге шарттары:

  1. Шығармалар мазмұнына шектеу қойылмайды. Ең бастысы, шығарма Тәуелсіздіктің тарғалаң жолы мен қадір-қасиетін және «Зуқа батыр Сәбитұлы сынды Алаш ардақтыларының күресі мен тағдырын» арқау етуі тиіс. Шығарма мазмұны - Қазақ жұртының ертеден бүгінге дейінгі тарихи шындығы жөнінде болғаны, береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген, халқы жолында басын берген Алаштың ардақты ұлдарының күрескерлік рухы мен патриоттық сезімдерін жырлағаны құп.
  2. Шығарма осы жылдың 10 маусымына дейін баспасөзде не сайтта жариялануы керек. Автордың суреті мен жаряланған баспасөздің суретке түсірілген нұсқасы (газет-журналдар үшін жарияланған сан нөмірі мен ай-күні толық жазылуы керек) немесе электрондық баспасөздегі сілтемесі қоса жолданғаны дұрыс. Егер жарияланбаған болса Ұйымдастыру алқасы жариялайтын болады.
  3. Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн. Құнды тарихи материалдар көлеміне шектеу қойылмайды.

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс: zukabatyr150@gmail.com, beis.kz@gmail.com,; WeChat ID: zukabatyr; WhatsApp: 87072696099; Байланыс телефондары: +7 702 281 76 39, +7 701 618 99 90

Мекенжайы: Астана, Тәуелсіздік к-сы, 45/1

Ұйымдастырушы: Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі, Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы, "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры, «Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» ҚҚ, Астана шипажайы(Қайрат Айдархан), «Жас-Ай» медициналық орталығы(Жасан Зекейұлы), «Өтейбойдақ» клиникасы( Ерболат Арбижан).

qazaquni.kz