Мамытбеков орнын босатты

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті деп хабарлады "Новости-Казахстан" агенттігіне министрліктегі дереккөз.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті
"Иә, Мамытбеков отставкаға кетті", —  деді агенттің дереккөзі. Еске сала кетсек, бесінші мамыр күні Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті. Онда президент дау тудырған жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялап, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялаған. Дерек көзі: Нұр.кз