Ташкентте 20 алтын алған қазақстандықтардың бәрі шардаралықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚОЛ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ТАШКЕНТТЕ 20 АЛТЫН АЛДЫ

Қыдырғали Оңғарбаев
Қыдырғали Оңғарбаев
  2016 жылдың сәуір айының 24-30 жұлдыздары арасында Ташкент қаласында армрестлингтен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия чемпионаты болып өтті.

Чемпионатқа Азия құрлығының 21 мемлекетінен 770 спортшысы қатынасты. Жасөспірімдер арасында 10 салмақ дәрежесінде, Жастар арасында 11 салмақ дәрежесінде, ал ересектер арасында 12 салмақ дәрежесінде сайыста командалық есепте Қазақстан құрамасы командалық 1 орынға қол жеткізді. Осы жарысқа құрамында 40 спортшысы бар Оңтүстік Қазақстан Облысы Шардара ауданының спортшылары қорғап, өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп төмендегі нәтижеге қол жеткізді.

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА – 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ Нұрмахан Ердәулет – 50кг Нұргелді Бақдәулет – 55 кг Әшімхан Сәбит – 65 кг Қаржау Есболат – 70 кг Мәлікайдар Ләззат – 55 кг Қалдыбай Меруерт – 60 кг ЖАСТАР АРАСЫНДА — 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ Рүстембеков Жарылқасын – 55 кг Анықбай Беймен – 60 кг Айдархан Нұрдәулет – 65 кг Қадыр Нұрдәулет – 70 кг ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА – 10 АЛТЫН МЕДАЛЬ Өсербай Қыдыр – 55кг Байғозиев Асан – 60 кг Мусоев Дінмұхаммед – 65кг Рүстембек Талғатбек – 70 кг Жамкуров Рамазан – 75 кг Шәмиев Мағжан – 80 кг Райханов Шынболат – 85 кг Малбасов Ғани – 90 кг Оңғарбаев Қыдырғали – 100 кг Мәлікайдар Ләззат – 55 кг Руслан Меделбек http://www.alaman.kz/79997/79997/