Зираттан шыққан жыландар елді үрейлендірді

018Жыландар  Петербордағы Муринский зиратына жерленген жақындарына барған петерборлықтардың зәресін ұшырды. Олар күн жылынған соң жер бетіне шыққан.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар Петербор тұрғындарын қауіп жайлы ескертуде.

 Кеше Муринский зиратында улы жыландар түске таман байқалған.

  Ленинград  зообағының жыландар бойынша маманы  Александра Онкина петерборлықтар мен қала қонақтарын жыланды ағашпен түртіп немесе  басқалай ызаландырмауға шақырды.  Сарапшы   "Радио Балтикада" жылан шаққан жағдайда  суды көп ішіп, жараны бинтпен таңуды ұсынады, деп хабарлайды piter.tv.

Дерек көзі: ҚазАқпарат