Азат Перуашев қытай компанияларына жерді жалға беруді қатты сынға алды

Ал "Время" газетінің  оны керісінше бұрмалап көрсеткеніне "Ақ жол" партиясы наразылық білдірді

011 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 28 сәуір 2016 жыл «Ақ жол» партиясының төрағасы қытай компанияларына жерді жалға беруге қатысты қолдап пікір білдірген жоқ, керісінше оны сынға алды. Сондықтан да «Ақ жол» партиясында жер мәселесі жөніндегі осындай дөрекі, әдепсіз жарияланымға наразылық білдіруде. «Время» газетінің бүгінгі санында Арсен Нұртазиннің «Депутаты мажилиса: Земля должна работать!» атты мақала жарияланды, онда «Ақ жол» партиясының көшбасшысы парламент кулуарында қытай компанияларына ауылшаруашылығының жерлерін жалға беру мүмкіндігін оң бағалайды» деп айтқан тәрізді көрсеткен. Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашев мұны жеке басқа тіл тигізіп, қорлау үшін ойдан шығарылған жала деп ресми түрде мәлімдейді. Бұл оның журналистерге, олардың қатарында А.Нұртазин де бар, баяндаған ұстанымына тікелей қарама-қайшы. Мәселен, жерді шетелдіктерге жалға беру мүмкіндіктері туралы сұраққа, Азат Перуашев таңдаулы агротехнологиялар бойынша жұмыс істейтін еуропалық компаниялар бар деп жауап берді. Сондай-ақ жерге нұқсан келтіретін, ауыр ГМО және химикаттарды қолданатын қытай компанияларының жағымсыз тәжірибесі бар. Сол себепті де бізге жұртшылықтың бұл мәселеге қатысты алаңдаушылығы және отандастарымыздың өз жерінің сақталуы үшін реніш сезімдерін білдірулері түсінікті. Ал қолданыстағы заңнаманың шарттарына байланысты (онда шетел компанияларына жалға беру қарастырылған) – жерді пайдаланғанда, оған жердің сапасына зиян келтіріп, оның толық жойылып кетуіне жеткізбес үшін, бақылауды күшейту қажет. Осылайша, «Ақ жол» ҚДП төрағасы қытай компанияларына жерді жалға беруге қатысты қолдап пікір білдірген жоқ, керісінше оны сынға алды. Тұтастай алғанда депутаттың жерді қорғау жөніндегі көзқарасын дұрыс баяндап, ал оның қытай компанияларына жерді жалға беруге қатысты ұстанымын, журналистің қандай мақсаттармен толықтай өңін айналдырып, бұрмалағаны түсініксіз болып қалып отыр. Оның үстіне, кеше А.Перуашев Жер кодексіне, жерді мейлінше дұрыс пайдалану үшін бақылауды күшейту, сондай-ақ жарғылық капиталға шетелдік тұлғалар кіретін компаниялардың жерге меншігін дереу алып тастау бөлігіне өзінің бірқатар ұсыныстарын жіберді. Бүгін таңертең А.Перуашев «Время» газетінің редакциясымен және мақаланың авторымен хабарласып, материалдың дөрекі түрде әдепсіз берілгеніне өзінің наразылығын білдірді. А.Нұртазин қытай компанияларына жер беруді қолдау туралы А.Перуашев тарапынан «мәлімдеме» болмағанын, ал бұл фраза тілшінің өзімен ойланып табылғанын мойындады. Бұған байланысты, редакцияда бізді сендіргендей, сайтта және газеттің жуыр маңдағы санында аталған ақпаратты нақтылап, дәлдеу беріледі және А.Перуашевтен кешірім сұралады