"Егер шенеуніктер жаман болса, ең жақсы заңның өзі көмектеспейді..."

Атақтылар айтқан екен!

brezhnev   Аристотель-(б.з.д. 384-322), көне грек философы  ARISTOTEL Билікті сатып алғандар, одан пайда табуды әдетке айналдырады Александр І-(1777-1825), Ресей императоры. Билік орнындарына газет шығаруға болмайды, себебі оған ешкім де сенбейді. * * * Вуди Аллен-(1953), америкалық кинорежиссер, актер Мен төбемізден қарап тұрған қырағы көзге сенемін. Өкінішке орай ол-үкімет. * * * Марсель Ашар-(1899-1974), француз драматургы Адамдар екі топқа бөлінеді: түрмеде отырғандар және түрмеде отыруға тиістілер. * * * Джордж Гордон Байрон-(1788-1824), ағылшын ақыны Мен өз Отанымды сүйемін, бірақ отандастарымды емес. * * * Отто фон Бисмарк-(1815-1898), Герман империясының канцлері   kanzler Дипломат болуды тағдыр өзі менің маңдайыма жазған. Себебі мен бірінші сәуір күні туыппын. * * * Заң нашар болып, шенеуніктер жақсы болса-елді басқаруға болады. Егер шенеуніктер жаман болса, ең жақсы заңның өзі көмектеспейді Никита Богословский-(1913), орыс композиторы Жұмыссыздықтың деңгейі көтерілген сайын, мемлекеттік мерекелер де көбейе бастайды. * * * Біздің баспасөзде жиі кездесетін сөздер: «...шиеленіскен қалпында қалып отыр» және «...бой тасалап үлгерді». * * * Бізде мақтайтын ештеңе болмағандықтан, шетелдіктер көбінесе адамдарыңыз жақсы екен дейді. Пьер Бомарше-(1732-1799), француз драматургы Оның адалдығы-дәлме-дәл дар ағашына жеткізбейтін деңгейде. * * * Маған өз мақалаларымда-билікке, дінге, саясатқа, өнегелілікке, жауапты адамдарға, сенімді корпорацияларға, опера театрына, сондай-ақ, басқа театрларға және кез келген нәрсеге қатысы бар барлық адамдарға тиісуге құқық берілмеген. Ал басқа кез келген тақырыпқа екі-үш цензордың бақылауымен емін-еркін жаза беремін. * * * Ұсақ адамдар ғана ұсақ мақалалардан қорқады. * * * Бұған дейін мен сіздерге барлығын айтатынмын, енді ештеңе жасырмайтын боламын Леонид Брежнев-(1906-1982), СОКП-ның Бас хатшысы Достас бір мемлекеттің басшысымен кездесуден кейін: «Саясаткер ретінде түкке тұрмайды. Бірақ қалай сүйіседі!» * * * Бертольд Брехт-(1898-1956), неміс драматургы Егер үкіметтің өз халқына көңілі толмаса, онда оларды таратып жіберіп, басқасын таңдауға хақысы бар. * * * Күлкіні мойындамайтын елде өмір сүру мүмкін емес, ал өмір сүру үшін ғана күлетін елде тіпті мүмкін емес. * * * Банктың өзін құрумен салыстырғанда, банктың тоналуы деген не, тәйірі! Мэл Брукс-(1926), америка кинорежиссері Президенттер өз әйелдеріне жасай алмағанды-халыққа жасайды. * * * Вольтер-(1694 -1778), француз жазушысы, ағартушы-философ  Volter Күйеуі өзінің жүргіш әйелі жөнінде қанша білсе, корольдер өз министрлерінің істері жөнінде одан артық білмейді. * * * Ол-шексіз патриот, ізгі жүректі жан, шынайы дос еді, әрине, өлгені рас болса! Сайлау Байбосынның Фейсбук парақшасынан