«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық онлайн-мүшәйрасы жарияланды

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» бірлесе отырып «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасын өткізеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып,  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жас ақындардың жолын ашу және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат етіп отыр.

Қатысушылар Мұқағали Мақатаевқа, Тәуелсіздікке арналған, бұрын жарыққа шықпаған өлеңдерін жіберуі қажет.

qazaquni.kz Дерек көзі: «Әдебиет порталы»