Жүргізуші куәлігінен айрылғыңыз келмесе, мына ережелерді білгеніңіз абзал

top_8bfc7351671b7cec990ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүргізуші куәлігінен айыруға әкеліп соқтыратын ереже бұзушылықтар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жүргізуші куәлігін алып қою шарасы қандай жағдайларда қолданылатыны нақты айқындалған. Кодекстің 795-бабына сәйкес жүргізуші куәлігі көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана алынады. Қалған жағдайларда жүргізуші куәлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін дереу иесіне қайтарылады. Көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінен айыру көзделген ЖЖҚ бұзушылықтар 590-б. 4 т. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 596б. 3 т. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 606-б. 2-т. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 607-б. 2-т. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 608-б. 1,2,3,4,5 1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер – көлік құралын басқару құқығынан төрт жыл мерзімге айыруға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады. 4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер – отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Дереккөзі: www.bnews.kz