Қанат Ислам ІВО-да 80-ші орынға көтерілді

1433750079qf99xХалықаралық бокс федерациясы (ІВО) барлық салмақ дәрежелеріндегі әлем боксшыларының ай сайынғы рейтингін жаңартты деп хабарлайды Қазақпарат.

Еліміз спортшыларының да тізімдегі орындары өзгерді. Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингден екі саты төмендеп, 47-ші болды, деп жазады Sports.kz.

Бірінші орташа дәрежеде Қанат Ислам 81-ші орыннан 80-ші орынға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ рейтингінде өз орындарын, яғни 11-ші және 35-ші позицияларын сақтап қалды.

qazaquni.kz Дерек көзі: Қазақпарат