А.Перуашев: «Ақ жол» партиясы СБРҚК-мен өзара ынтымақтастыққа дайын

Азат-Перуашев - копияБүгін Қазақстан Республикасында сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның (СБРҚК) мүшелері «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабына келді.

Кездесуге СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов пен комиссияның мүшесі Аманқұл Серікбаев, «Ақ жол» Қазақстандық демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, партияның сайлауалды штабының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында электоралдық науқан барысын, СБРҚК байқаушылары мен «Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының сайлау процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық, айқындық және әділеттілікті қамтамасыз ету бойынша өзара ықпалдастық мәселелері, сайлаушылар мен үміткерлердің сайлауда конституциялық құқықтарының сақталуы талқыланды.

СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов комиссияның 2005 жылдан бері жұмыстың мол тәжірибесіне ие екенін атап өтті:

-Қазақстанда әрбір электоралдық циклмен бірге, жиналған тәжірибе мен халықаралық стандарттарды есепке алғанда, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріліп келеді. Біз кандидаттардың құқығының бұзылмауын және республиканың барлық аймақтарында Парламент пен мәслихатқа барлық кандидаттардың тең жағдайға ие болғанын бақылаймыз.

 Бұл ретте Нұрлан Ерімбетов моральдық-этикалық принциптерге сүйене отыра әділ күрес жүргізуге,  «қара пиарды» қолданудан аулақ болуға шақырды.

СБРҚК төрағасының айтуынша, сайлауалды процестің аталған кезеңінде комиссия мүшелері сайлау процесінің басты аспектілерінің кешенді мониторингін өткізіп, аймақтарда байқаушылар пулын құрып, байқаушыларды оқыту жүйесін іске қосып отыр. Комиссия өз байқаушыларымен елдің барлық сайлау учаскелерін қамтуға ниетті.

Өз кезегінде партияның төрағасы, «Ақ жол» сайлауалды штабының басшысы А.Перуашев партияның СБРҚК-мен үнемі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

qazaquni.kz

Дерек көзі: ҚазАқпарат