Жүргізушілердің боғауыз сөзін санаған әкімнің жол жөндеу "технологиясы"

7-8-15-Temirtau-akimi-01Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қала жолдарының сапасын тексерудің ерекше әдісін ойлап тауыпты. Ол автобус жүргізушілерінің боғауыз сөздерін санап, трассаның сапасы жайлы түсініпті, - деп хабарлайды КТК.

Әкімнің айтуынша, ол халықтың алдында есеп берген әкім жолдардың жағдайын білу үшін әдейі автобусқа мініп, жүргізушісінің аузын аңдыған көрінеді. "Бір аялдамадан екіншісіне дейін жүргізуші 15 рет боқтады. Оның артына отырып әдейі құлақ түрген едім. Содан жолдың нашар екеніне көзім анық жетті. Кейін сол көшелерді жөндеттік", - дейді әкім.

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, болашақта да әкім осы жолмен жолды жөндеу жұмыстарын қай жерде жүргізуі керек екенін біліп отырмақ екен.

Дерек көзі: КТК арнасы