Нан бағасы қымбаттады

b62bd8a3c48459609c9e37e6ea981c3dОралда жоғары сұрыпты нан бағасы 3 ақпаннан бастап 75-80 теңгеден 90-95 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлады ҚазТАГ.

Наубайхана кәсіпорындарында түсіндіргендей, ол ұн бағасының өсуімен байланысты болып отыр.

«Былтыр шілдеде ұнның келісі 55 теңге болатын, күзде 75 теңге, ал қазір ол 97 теңге болды. Біз сонымен қатар нанды жіберу бағасын 90 теңгеге дейін көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Алайда біздің наубайханада «әлеуметтік нан» деп аталатын бірінші сұрыпты ұннан нан пісіруді жалғастырып жатырмыз. Ол бұрынғысынша 50 теңге тұрады», - деп хабарлады «Желаев наны» наубайханасының басшысы Олег Талецкий.

Өз кезегінде Батыс Қазақстандағы ауыл шаруашылық басқармасында жоғары сұрыпты нан бағасын реттемейтінін, тек бағаға монитторинг жүргізетінін атап өтті.

«Ұнның бағасы астық бағасының қымбаттауы салдарынан орын алды. Мысалы, Жалев нан комбинаты астық тоннасын 60 мың теңгеге сатып алады, ал ол бұрын 54-55 мың теңге болатын. Ал әлеуметтік нан бағасына келер болсақ, оның бағасы кем дегенде көктемге дейін өзгермейді және 50 теңге болады», - деп түсіндірді облыстың ауыл шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы Темірлан Теміралиев.

Дереккөз: КазТАГ