«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлері Елбасынан көмек сұрады

munaishylar600-ден астам зейнеткер әрі акционер атынан жазылған хатта қариялар президенттен "2005 жылдан бері төленбеген дивидендтерін алып беруді" сұрайды.

4 ақпанда «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бір топ ардагер акционері Ақтауда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шағым хат жолдады деп хабарлайды Азаттық.

Амалдары таусылған "МаңғыстауМұнайГаз" акционерлері Назарбаевтан көмек сұрады

600-ден астам зейнеткер әрі акционер атынан жазылған хатта қариялар президенттен "2005 жылдан бері төленбеген дивидендтерін алып беруді" сұрайды.

«Біз, қарт мұнайшылар «МаңғыстауМұнайГаздың» жыл сайынғы табысты қалай бөліп отырғанын, неге ол табыс акционерлер дивидендтерін беруге емес, басқару аппаратының тоқсан сайынғы сыйақысына жұмсалып келгендігінің себебін білгіміз келеді», - деп жазылған хатта.

Хат жазушы зейнеткерлердің сөзінше, олардың барлығы да «МаңғыстауМұнайГаздың» артықшылығы бар акциясының иегерлері.

"Біздің бармаған жеріміз қалған жоқ. Содан соң Назарбаевтан жәрдем сұрап отырмыз. «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясы 2014 жылдың екінші жарты жылдығынан бері бір тиын дивиденд төлеген жоқ", - деді зейнеткер акционер Ізмырза Қуаналин.

Оның сөзінше компания 2014 жылдың алғашқы жартысында әр артықшылығы бар акция үшін 173 теңгеден төлеген.

Дивиденд талап етушілердің арасында Маңғыстау түбегіндегі кеніштерді алғашқы ашқан ардагерлер де бар.

«МаңғыстауМұнайГаз» компаниясының әлеуметтік және әкімшілік мәселелер жөніндегі департамент директоры Жетібай Төлеғожаевтан дивиденд төлеуге қатысты пікір алу мүмкін болмады. Бұған дейін 2014 жылы акционерлер дивиденд төлеміне байланысты наразылық ұйымдастырғанда «МаңғыстауМұнайГаздың» баспасөз хатшысы Ғазиз Сермағамбетов Азаттық тілшісінің артықшылығы бар акциялардың дивиденді туралы сауалына жазбаша жауап берген. Сермағамбетов: «Артықшылықты акционерлердің құқығы бұзылған жоқ. Кепілді көлемнен (100 теңгеден) жоғары дивиденд төленіп келеді. Акционерлік қоғам жарғысында дивиденд көлемі артықшылығы бар акцияның номиналдық құнының 10 пайызы деп белгіленген. Ол «Акционерлік қоғамдар» туралы заңға сәйкес бекітілген» деп жазған.

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ - Қазақстандағы ірі мұнай өндіруші компанияның бірі. Компания Маңғыстау өңіріндегі 15 мұнай кенішін игеріп жатыр. «МаңғыстауМұнайГаз» акциясы Mangistau Investments B.V компанияcы бақылауында.

Дереккөз: Азаттық