Амрита Шер-Гил - Индияның танымал әйел суретшісі

[caption id="attachment_45557" align="alignleft" width="410"]41975717_pic01_490x550 Автопортрет[/caption]

Амрита Шер-Гилді Индияның Фридой Калосы деп атады. Ол Индиядағы ең талантты суретшілердің бірі. Ол ұлттық мәдениеттің танымал Тоғыз шеберінің біріне айналды. Оның еңбектері ұлт мәдениетінің жетістігі деп саналды. Жиырмасыншы ғасырдағы Индияның алғашқы және танымал әйел суретшісі Амрита Шер-Гил өз күнделігінің парақтарына мынадай жолдарды жазып қалдырған: «Еуропа Пикассоға, Матисске, Бракқа және т.б. көптеген таланттарға тиесілі. Ал Индия тек мен үшін ғана жаралған»

Ол 1913 жылы 30 қаңтарда Будапештте (Венгрия) дүниеге келген. Әкесі - Умрао Сингха Шер-Гил Маджитхья – сикхтік ақсүйек әрі  санскрит тілі мен парсы тілінен сабақ беретін оқытушы. Ал анасы опера әншісі - Марии-Антуанетты Готтесманн – венгриялық еврей болатын. Амританың өзінен кіші сіңілісі - Индира бар. (Оның ұлы, яғни Амританың жиені  Виван Сундарамда суретші)

Амританың кішкентай кезінде олар Венгриядан көшіп кетті. 1921 жылы оның отбасы Шимленің Саммер Хилл деген жеріне келеді. Ол бес жасынан бастап сурет сызуға талпынды, алайда бұл өнердің соңына 8 жасқа толғанда шындап түсті. Ол осы кезден бастап сурет салуды арнайы оқи бастады.

[caption id="attachment_45558" align="alignright" width="244"]"Бойжеткендер" "Бойжеткендер"[/caption]

1923 жылы күтпеген жерден оның анасы Шимледе бір итальяндық сәулетшімен танысады. Бір жыл өткен соң Амрита мен анасы Итальяға әлгі сәулетшіні іздеп келеді. Амританың Santa Anunciata – флорентиялық өнер мектебіндегі өмірі басталып кетеді. Осында Амрита Итальялық шеберлердің өнерімен танысады. Алайда жас суретшінің оқуы ұзаққа созылмайды. Осы жылы Индияға қайта оралуына тура келеді.

Ол он алты жасқа толғанда Еуропа топырағына қайтадан табаны тиеді. Парижде Люсьен Симонның шеберлік сыныбынан дәріс алған Амританың болашақ махаббаты да осы қаладан жолығады. Ол – Борис Таслицкий еді.

Кәсіби суретші ретінде ол өзінің алғашқы еңбегін 1932 жылы сызды. Ол «Бойжеткендер» деп аталатын еді. Бұл еңбегін жазу барысында ол өзінің сіңілісі Индира мен оның достарының кейпін негізге алған болатын. Оның аталмыш еңбегі мен тағы бір тың туындысы - «Ұйқы құшағында» атты картинасын париждік Grand Salon қабылдады және ол Париждің сурет өнері үшін бірден бір азиялық өкіл болды. Ол ең жас болса да бұл құрметке лайық еді.

qazaquni.kz

Мәлметтер ғаламтордан алынды