Ғалым: Ортағасырлық санамен артта қалған арабтардан қазақ халқы үлгі алмауы керек

Ғалым Зікірия Жандарбек ортағасырлық санамен артта қалған арабтардан қазақ халқы үлгі алмауға шақырды. Сол себепті ол «араб дәстүршілдігінен» бойымызды аулақ ұстап, сақ болуды ескертіп отыр деп жазады sn.kz порталы.

«Араб дәстүршілдігінің» қазақ даласына келуі Ресей империясының қазақ даласын діни-идеологиялық тұрғыдан игеру үшін қолданған саясатымен байланысты болатын. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі діни танымы аясында қалатын болса, оңайлықпен мойын ұсына қоймайтынын сезінген отаршылдар қазақтың діни сенім негіздері мен діни танымын өзгерту керектігін түсінді. Ол үшін 1756 жылдан бастап, діни басқарма ашып, арнайы қазақ даласы үшін Уфа қаласында медреседе молдалар дайындата бастаған. Керек десе, ол кезде әлі Қазақ хандығы ыдырымаған кезі болатын. Ресей отаршылдары өздеріне мойынұсынған жерлерге осы молдаларды жібере отырып, қазақ халқының дәстүрлі діни танымын өзгертуге күш салды. Ол молдалар қазақ арасында «заказной молдалар» деп аталды .  Олардың әрекеттермен қазақ зиялылары жүз елу жылдай күресті”, – дейді  Зікірия Жандарбек.

Сонымен қатар басылымның жазуынша, Уахабизм иделогиясы патшалы Ресейден басталып, Кеңес үкіметі кезінде біршама саябырсып қалды. Алайда Тәуелсіздік алғаннан кейін уахабизм иделогиясы алдымыздан тағы да кесе көлденеңдеп шыға келген. Оның зардабын қазіргі таңда тартып келеміз. Мәселен, көптеген жастарымыз Сирияға жиһадқа аттанды. Егер де арабтың діни дәстүріне бас-көзсіз құлдық ұра беретін болсақ, алдағы уақытта жағдайымыз бұдан да қиын болуы мүмкін. Сондықтан да арбшылдықтан арылып, қазақттыққа бет бұруымыз керек екен.

“Әйтсе де, е желден исі мұсылман қауымы Қағбаға қарап бой түзеп, Ислам нұрынан нәр алып келеді. Өйткені Құран Кәрім ең алғаш рет Меккеде түсіп, Ислам діні Мәдина қаласында барша мұсылманға кең тарады. Сондықтан да өзін «мұсылманмын» деп есептеген мумин үшін Мекке мен Мәдинаның орны ерекше. Десек те ислам дұшпандары исі мұсылманды адастыру үшін діннің орталығы саналған Сауд Арабияны аздыруға тырысқанын естен шығармаған жөн. Соның салдарынан бүгінде Сауд Арабиясы ресми түрде уахабизм иделогиясын ұстанатын бірден бір мемлекетке айналды”, – түйіндейді басылым.