Петербургте ректор Түркиядан келген студенттерді оқудан шығарудан бас тартты

"Ақымақ шенеуніктерге мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелерге араласуға мүмкіндік бермеу керек"

Әлемге танымал ғалым, академик, Петербург жоғары оқу орнының ректоры Александр Запесоцкий Түркиядан келген студенттерді оқудан шығару мәселесін журналистермен талқылаудан бас тартты.

галым Бұл туралы newsonline24.com-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Ол өз пікірін авторлық бағанында жария етті. «Біздің университетке құрметті федералды БАҚ-тардың журналистері хабарласып, түрік студенттерді оқудан шығарған жоқcыз ба деп сұрап жатады. Ненің құрметіне шығаруымыз керек?», – деп жазған академик. Мәдениет саласындағы көптеген оқулықтардың авторы саналатын Александр журналистердің бұл сауалына таңғалғаны соншалық, бұл жайтқа өз пікірін танымал федералдық басылымға жария етті. Онда ғалым халықты дүрліктіріп отырған шенеуніктер мен депутаттарды сынға алды. «Жеке шенеуніктер оғаш әрекеттер жасауда. Кубаньда агроөнеркәсіптік көрмеге келген 39 адамды құрықтады. Не үшін? Олар Эрдоғаннан біздің ұшақты құлатуын сұрап па еді? Ставропольде Түркияның 26 азаматы, Солтүстік Осетияда 16 азаматы қамауға алынды. Осында жаттығып жүрген спортшылар елден қуылды. Түркия туристері мен студенттері, инженерлері мен архитекторларына қиындықтар туындауда. Бұл туралы шенеуніктер журналистерге қуана хабарлап отыр. Ал журналистер “қуанышты хабарды” елге жеткізіп мәз. Кезінде халық жауларын қамауға алуды қуана хабарлап отырғандай”, – деп жазған академик. Танымал ғалымның пікірінше, Түркия халқына орынсыз әрекеттерді доғару керек. «Біздің ел үлкен. Ақылы аздау «белсенділер», ақымақтау шенеуніктер мен өзін жарнамалағысы келгендер жетіп артылады. Дегенмен оларға мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелерге араласуға мүмкіндік бермеу керек. Бұл орайда БАҚ басшыларына үлкен жауапкершілік артады», – деп жазады Александр Запесоцкий.
 Дереккөз: NUR.KZ
Тақырып тарауы:   СУ-24: ПУТИННІҢ КЕЗЕКТІ ШОУЫ http://www.qazaquni.kz/?p=43342