Ақтаулық кәсіпкер пенопласт өндірісін жаңғыртып жатыр

20151129140244 Ақтауда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау филиалы мен Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті.  Шара 2015 жылдың 27 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Маңғыстау облысындағы «Кәсіпкерлік апталығы» аясында өтті.   Баспасөз туры «Бизнестің жол картасы - 2020» және өндіру өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламалары аясында қолдауға ие болған үш өндіріс ошағы бойынша өтті. «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС-дан басқа журналистер 2009 жылы ашылған «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС-да болды. Компания металлопластикалық, алюминии терезелер мен есіктерін, қырлы кеспе мен жол жиектерін шығарумен айналысады.  Бұрын компания пенопласт шығаратын. Алайда бірінші қазандықтың зақымдануымен бұл өндіріс уақытша тоқтатылды. Жағдайды жақсартып, материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС мемлекеттік қолдауға ие болу үшін «Даму» қорына жүгінді. «Бірыңғай бағдарлама аясында «Ресей жинақтаушы банкі» АҚ-дан алған несиеге компания жаңа газ қазандығын сатып алды. Ол ескірген жабдықтан әлдеқайда тиімді және үнемді. Соңғы кездері ауылды жерлердегі жобалар саны артып келеді.  «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС несие бойынша 4% төлейді, ал 10% мемлекет қаражатына субсидияланып жатыр», - деді Маңғыстау облысы бойынша «Даму» Қоры» АҚ РФ құзыретін арттыру бағдарламалары бойынша бас менеджер Жанар Ермаханбетова.