​Н. Назарбаев «Ақпараттандыру туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақпараттандыру туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанды одан әрі ақпараттандыруға, оны ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін заңнамалық енгізу арқылы ақпараттандыруға бағытталған «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына, сондай-ақ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және Республика заңнамасын «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

BNews.kz