Түріктерге енші беру қазақтарға қасиетті парыз

Заманымыздың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «...бүгінгі күннің бар жазушысыныңың ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқаларымыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазуы жалынды ақын, қазақ әдебиетінң көрнекті өкілі, Қазақелінің азаттығын арман етіп, сол үшын жанын пида еткен Мағжан Жұмабаевтың жарқылдаған екпінді дарынын аса жоғары бағалап, қасиет тұтқандығының айқын  көрнісі. Сонымен, киелі сөзі көкке самғыған  Мағжан Жұмабаевтың  «Түркістан» өлеңінің  бір-екі шумақтарына  көңіл аударайық:

Түркістан - екі дүние есігі  ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша  Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік киял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!

Түрік  ағйындар туған мекені, ыстық отаны Түркістаннан ерігіп тау асып  кеткен жоқ. Тағдырдың тәлкегіне  түсіп, еріксіз, қылыштарынан дұшпанының қаны тамып, көздерінен  ыстық  жасы ағып батысқа қарай кете барды. Бірақ барған жеріне кұмға сіңген судай болып, із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Қасиетті бастарын, қайсар көкіректерін  көтеріп Осман империясын, кейінде Түркия мемлекетін  да құрды. Қазірде Түрікия  халықы бақытқа бөленген, жері жайнаған, дүние жүзі сүйсінеген ел.

Түріктер мен қазақтардың бауырластық тарихи тамыры тереңде жатқаны барша ел-жұртқа аян. Соның айғағы ретінде,        Түркия қашанда Қазақстанның шынайы жанашыры ретінде таныла білді. Түрік мемлекетінің кемнгер басшысы Мұстафа Кемал Ататүрік қазақ халқы түбі азаттық алатынын болжап, оның басына түскен қиын-қыстау кезеңдерде түрік халықының қашанда қол үшін беретіндігіне мол сенді.  Түрік мемлекеті Еліміздің тәуелсіздігін алған күнінен бастап халықаралық қауымдастық сапынан тиесілі орнын нық алуына жан-жақты да елеулі  күш жұмсады, әлі де жұмсап  келе жатыр. Бауырластықтың аса көрнекті айғағы ретінде айырықша айтар жәйт, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігін паш етіп жария еткен сәтте, дүниежүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі бұлдана-салмақтап айлап-жылдап қабылдайтын шешімін,  Түркия қуанышты хабар  алысымен-ақ екі  сағатқа жетпейтін мезетте жеке дара мемлекеттік толық суверенитетігімізді мойындаған бірінші мемлекет болды. Түрік ағайындардың осы ерлігін  қазақ халықы әсте ұмытпақ емес. Бұл бауырлас екі ел арақатынасындағы алтын қаріппен жазылған дипломатия тарихындағы елеулі құбылыс.

Тағы бір айтарлықтай жәйт, ол барша жұртқа белгілі, тағдырдың тәлкегіне түскен  қытайдан жан сауғалап Тибет,Үнді, Пакистан, Иран басып ыққан мыңдаған қазақ қандастарымыздың жойылып кетпеуіне, жер беріп, жағдай жасауына елеулі ықпал жасаған тағы да түрік ағайындар. Осыған орай Түркиядағы белгілі қазақ ғалымы Әбдіуақап Қара «Түркия қазақтарының қысқаша тарихы» атты мақаласында былай жазған: «Қазақтардың 1972 жылы қоғамдасу турасында қол жеткізген бір үлкен табысы – Ыстамбұлда Қазақкент атында бір ауыл салуы еді. Қазақ жетекшілерінен Дәлелхан Жаналтайдың басқаруында қазақтар Ыстамбұлдың Гүнешли деген ауданынан 500 үйдің жерін сатып алды. Осы жерге тұрғын үйлер салғызды. Сөйтіп қазақтар жинақы отырықтасумен бірге Ыстамбұл сияқты қымбат қалада баспана жалдау қиындығын шешті. 1980 жылдарға келгенде Түрік елінде шаруашылығы шалқып, шат-шадыман өмір сүретін халыққаайналды». Одан жарты ғасырдан аса өмір кешкен қазақтар, Түркиядан өсіп – өніп, тәубә,  бастары 20 мыңнан асып, енді Европаға да қол созып, болашақтарына кең өрс алып, тұрмыс құрып жатыр. Оған да мың рахмет.

Қазір Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар күннен – күнге ұлғайып, кең өріс алуда.  Қолжетімді  мәлметтерге сүйенсек,  кейігі  жылдардағы деректер бойынша екіжақты сауда айналымы 3,5 миллиард доллардан  асып кеткен. Ал Қазақстандағы Түрік компанияларының жалпы капиталы 2 миллиард доллардай екен. Қазақстанға сырт мемлекеттер тарапынан салынған инвестиция көлемі бойынша салыстырғанда, Түркия  төртінші орынды иеленіп отыр. Екі елдің рухани, мәдени байланыстары да күннен-күнге түрлене құлпырып, жандануда. Екі ел шынайы ынтымақтастығының айтылмай қалған талай игі жақсылықтары баршылық. Еекіжақты туыстық байланысты одан әрі жетілдіріп дамыту, бауырлас екі елдің ынтымағын арттыру үлкен игілікті іс. Түрік және қазақ халықтарының тарихи отаны ортақ, тегіміз бір екендігін,  тіл мен мәдениетіміз ғасырлар бойы сабақтасып жатқанын, естен шығармай, жемісті болашағымызға бауырластық шынайы ағадал сезімдер мен анық ұғымдар жетелейтініне кәміл сенеміз.

Халықтарымыздың арақатыснастарындағы аталған ізгі жақсылықтарды  есепке алмаған күннің өзінде де, қазақ халықы бауырлас түрік халықына, ата салт-дәстір талабы бойынша,  еншісін беру қасиетті парыз екені айқын. Сол орайда, дүниеде  адам жанынан басқа ең қымбат нәрсе - ол алтын. Әрине, шартты салыстырмалы түрде. Оны тот баспайды, құны төмен түспейді. Кейінгі мәлметтер бойынша, Қазақстанда жер қойнауындағы игерілмеген алтын қоры 100 мың тоннаны құрайды екен. Сондықтан, қасиетті Түркістан қаласының  жақын маңындағы ауқұмды алтын кен қорын бауырлас түрік халқына қазақ халқының атынан, ата-дәстүр салты бойынша енші ретінде бөліп беру Алла қолдар, халықтарымыздың ынтымақтыстығын арттырар, үлкен игілікті іс болар еді. Бір жапырақ болса да Атамекен топрағы ғой. Қазақта: «Орамал тон болмайды, жол болады» дегені бекер емес. Сонымен Ұлы Абайға жүгіне ойымызды мына шумақтармен түйіндейік: «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес».                               

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ, заңгер

Астана қаласы