Ұлттық Банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуге өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты

Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеңберінде банктердің салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартқанын хабарлады.

9ec5e49110a2915353272df0b255a7df

Фото: ca-news.org

«Ұлттық Банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеңберінде банктердің салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартқанын хабарлайды. Бұл шешім теңгедегі депозиттің өтемақысына құқығы бар салымшыларды барынша көп қамту мақсатында, сондай-ақ банктердің өтініші бойынша қабылданды», – делінген хабарламада.

2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында салымшының екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-та теңгеде ашылған депозиті болған жағдайда оған өтемақы төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Өтемақы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

Салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет.

Дереккөз: ИА "Казинформ"