Мемлекеттік тілде 8 сөзден 3 қате жіберген МИНИСТР басқа елде бар ма?!.

aslan 2 “...Аулдағы атамыз 100 жылға тол­ды. Ұстаз, мектептін директоры бол­ған. Поздравляем со 100 летним юби­леем аташку, учителя сельской школы...” Бұл – қазақтың қазіргі Білім министрі Аслан САРАНЖІПОВтің диктанты. Кім, қандай баға қояр еді?.. Менің бағам – 2. Жәй ғана екілік емес, бет-ауызын май басқан семіз екілік. Қазақтың баласы Аслан 8 сөзден 3 қате жіберді. Аслан Саранжіпов қатардағы қара­пайым қазақтың баласы емес, ол - елдің Білім министрі. Мемлекет басшысы сеніп-сұрағанда: “Білімім мықты, қазақшам қатып тұр, бұл қызметті қатырып атқара­мын” – деп сендіріп, ант берген адам. Алдады. Өтірік айтты. Бәрімізді, бүкіл елді, елдің басшысын алдады. Алдағаны, жалған сөйлегені – 8-ақ сөзден көрініп тұр!.. Ал, біз Білім министріміз мемлекеттік тілді білмейтін елде - мемлекеттік тілді дамытамыз деп, бос тыраштанып жүрміз... Жердің бетінде елдің Білім министрі – сол елдің мемлекеттік тілін білмейтін Қазақстаннан басқа ел бар ма?!. Досқа күлкі, дұшпанға таба болдық... Қажымұқан ҒАБДОЛЛА qazaquni.kz