Әліби Жұмағұлов Жамалиевтің ісіне қатысу үшін Кореядан қайтып келеді

Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы Анатолий Утбановтың айтуынша, бизнесмен Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытковқа айып толықтай бекітілді.

Алиби Жумагулов и Кайрат Жамалиев. Фото radiotochka.kz

Әліби Жұмағұлов пен Қайрат Жамалиев. Фото: radiotochka.kz

Бұл туралы қорғаушы өз Facebook парақшасында жазды.

«Жамалиев Қ.С. мен Прибытков А.В. екеуіне прокурормен айып бекітілді. Айпытың бекітілу сәтінен Жамалиев Қ.С. келесі қылмыстарға қатысты айыпталушы ретінде танылды: 1) ҚК 126 бап 2 бөлімінің 1 пункті, 3 пункті – адамды бостандығынан заңсыз айыру, денсаулыққа қауіп төндіретін зорлық көрсету; 2) ҚК 121 бап 2 бөлімнің 1 пункті – сексуалды зорлық әрекеттер жасау; 3) ҚК 194  бап, 4 бөлімнің 2 пункті – ірі көлемде бопсалаушылық. Прибытков А. келесі баптар бойынша айыпталып отыр: ҚК 126 бап 2 бөлімнің 1 пункті, 3 пункті; 194 бап, 4 бөлімнің 2 пункті», — деп жазды қорғаушы.

Утбановтың мәлімдемесіне сәйкес, айпталушылардың құқықтарын 5 қорғаушы мен бірнеше жақтаушылар қорғайтын болатын.

«Бұл орайда мемсоттың баспасөз-қызметі не себепті кей журналистердің аккредитациясы жайлы мәлімдегені түсініксіз. Себебі, сотқа келген іс бойынша сот төрешісі әр сотталушыға қатысты басты соттық іс қарауын тағайындауға кедергі бар-жоқтығын анықтауы ғана тиіс. Ал нақты істің қаралуы басты соттық іс қарауында жүзеге асады», — деп түсіндірді заңгер.

Қорғаушы басты соттық іс қарау жабық болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Жыныстық қылмыстарға қатысты істер мен өзге де істерге келетін болсақ, қатысушылардың жеке өмірлеріне қатысты ақпардың жария болуын алдын алу мақсатында әдетте жабық соттық іс қарау жүргізіледі», — деді Утбанов.

Астаналық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова сот отырысы сағат 16:00-де Астананың Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтетінін «Радиоточкаға» хабарлады. Істі Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Рақымбеков қарайтын болады.

Жұмағұловтың өзге қорғаушысы Хамида Айтқалиеваның «Мэтр»басылымына жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Әліби денсаулығын дәрігерлерге қарату үшін Кореяға кеткенімен, елге оралып, сотта қатысатын болады.

«Ол – Қайрат Жамалиевті айыптаудағы басты тұлға. Сол себепті, ол бірінші кезекте сотқа қатысуға ниетті. Бұған дейін бізде іс сотқа қай уақытта түсетіні туралы ақпар болмады. Себебі, іс прокуратура тарапынан қосымша тергеуге жіберілуі мүмкін болатын. Осыған байланысты Әліби жедел ота жасаттыру қажет болғандықтан, анасымен денсаулығын тексертіп, ота жасаттыру мақсатында жолға шығып кеткен еді», — деп түсіндірді Айтқалиева.

Оның айтуынша, жақында Әліби денсаулығын тексерте салысымен, Қазақстанға оралады. Қажет отаның қымбаттығына байланысты Әліби жанұясымен отаны өз елімізде жасату мәселесін талқылауда. Кореяда ота жасату алдын ала есептерге сәйкес $11 000-ға айналмақ.

Источник: Nur.kz