Қазақ мектептерінде “Орыс әдебиеті” пәні оқытылмауы тиіс (сауалнама қортындысы)

cover_big

ҚР Білім және ғылым министрі

А.Сәрінжіповтің назарына!

Бүгінде ҚР білім беру саласында түйіні тарқамай жүрген түйткілді мәселелер аз емес. Солардың ішінде өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтпайтын бір мәселе - қазақ мектептеріндегі "орыс әдебиеті" пәнінің БҒМ бекіткен стандартты мектеп бағдарламасынан түспей келуі. Бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушылары мен бірқатар  БАҚ беттерінде қызу талқыланып келеді. 

Қазақ оқушылары арнайы "Орыс әдебиетін" оқуға міндетті ме? Олар не үшін орыс әдебиетін арнайы сағаттар алып оқуы керек?

Осы сауалға жауап іздеу үшін "Қамшы" порталы Қазақ мектептерінде "Орыс әдебиеті" оқытылғаны дұрыс па? деген сауалнама жариялаған болатын.

orys adebieti

Сауалнамаға барлығы 1000-ға жуық адам қатысқан. Сауалнама шынайы болуы мақсатында бір компъютер арқылы (IP мекен-жайы) тек бір ғана адам дауыс берген. Сауалнама қортындысы көрсеткендей дауыс берушілердің  400-ден астамы яғни 40 пайызы "орыс әдебиеті" пәнінің орнына "Әлем әдебиеті" пәнін енгізу керек деп есептейді. Сондай-ақ, 400-ге жуық дауыс беруші(39 пайыз) қазақ мектептерінде "Орыс әдебиетін" оқытуды мүлдем доғару керек деген пікірде. Ал 180 оқырман(20 пайыз) БҒМ-ның стандартты бағдарламасындағы "Орыс әдебиеті" пәні орта мектеп қабырғасында оқытылғаны дұрыс деп есептейді екен.

Сөйтіп, мың адамның пікірі мынаған сайды. Қазақ мектептерінде  "Орыс әдебиетін" айрықшалап оқыту дұрыс емес, оның орынына "Әлем әдебиеті" пәнін енгізіп, әлем әдебиетінің алтын жауһарларының арасына орыс классиктерінің де шығармаларын енгізу керек.

Айтпақшы, 2 миллионға жуық қазақ тұратын көрші Ресейде "Қазақ әдебиеті" пәні түгілі Қазақ мектебі жоқ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

"Қамшы" сілтейді