Отандық зілтеміршілер Олимпиададан 5 алтын алуды жоспарлауда

Қазақстандық ауыр атлеттер Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 5 алтын алуға үмітті. Өткен жылды қорытындылаған мамандар осындай мәлімдеме жасады.

Отандық зілтеміршілер Олимпиададан 5 алтын алуды жоспарлауда Енді жолдамалар санын арттыру керек. Лондон Олимпиадасында 4 алтынға қол созған отандық зілтемір шеберлері былтырғы әлем чемпионатында үш мәрте топ жарды.

Қазір спорттың бұл түрі елімізде даму үстінде. Қомақты қаржының арқасында аяғынан тік тұрған салаға биыл 670 миллион теңге бөлінді. Негізгі бағыт аймақтарға бұрылады. Допинг дауы – назардағы мәселенің бірі. Осыған байланысты Алматыда арнайы допингке қарсы зертхана да жұмысын бастады. Жылдың негізгі жарысы АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты болмақ. Қазақстан бұл сында 10 жолдама ұтып алуды көздейді. Оның алтауы жігіттерге тиесілі.

Источник: ИА "Казинформ"