Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға 23 млрд теңге бөлінеді

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға 23 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы" премьер-министр Кәрім Мәсімовтің сәйкесінше жарлығында көрсетілген.

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға 23 млрд теңге бөлінеді Мерекелік шараның жоспарына сай, 13,48 млрд теңге көлеміндегі қаржы Тараз қаласында мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалмақ.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық және аймақтық спорттық шараларға 9 млн теңге бөлінген. 2015 жылдың қыркүйек айында Таразда өтетін театрландырылған қойылымды өткізуге 506,8 млн теңге қарастырылған. Таразда ашылатын "Қазақ хандығына 550 жыл" монументінің құрылысы мен салтанатты ашылу рәсіміне 0,5 млрд теңге жұмсалады. "Керей мен Жәнібек", "Қазақ елі" спектакльдері мен "Қазақ хандығы" балетін қою үшін 68 млн теңге бөлінеді.

10 сериялы тарихи-драмалық "Қазақ елі" телехикаясын түсіру үшін 1 млрд теңге қарастырылған. "Қазақ хандығына 550 жыл" деректі фильміне 250 млн теңге жұмсалады.

Көпсериялы анимациялық "Қазақ елі" фильміне 375 млн теңге қарастырылады. Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын қайта басып шығару үшін 100 млн, "Ұлы көш" көркем суретін дайындау үшін 150 млн теңге бөлінген. Бұл сомалардың жұмсалу реті әлі анықталатын болады. Одан бөлек, әлі қаражаты есептелмеген іс-шаралар да бар. Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға 3 млрд теңге жұмсалатынын айтқан болатын. Айта кетсек, жоспарланған кей шаралардың тұсына қаржыландыру көзі ретінде "қаржыландыру талап етілмейді", "бюджеттен тыс қаражат" деген ескертулер көрсетілген.

Источник: NUR.KZ