Ақ шашты ананың зары (фото)

Алматыға кіретін Райымбек даңғылының бойында жолаушыларға "сәтті сапар" тілеп отыратын бұл кісіні сырттай танитындар саны көп. Бірі көңіліннен шыққан көмек ақшасын берсе, бірі күннің суығы мен ыстығына қарамай көмек сұрап жүрген ақ шашты ананың мәселесімен танысып, мүмкіндік болып жатса қол ұшын береді.

Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Бұл апа көше бойын жұмыс орнына айналдырғалы жылдар болып қалды. Жасы жетпіске жақындаған ананың таңғы бестен көше бойын зыр жүгіре көмек сұраудағы мақсатын NUR.KZ тілшісі біліп қайтты. Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Айгүл (есімі кейіпкердің сұрауы бойынша өзгертілді) апамыз ақкөңіл, ашық кісі екен. Таныса сала: "Журналист болсаң, мені елдің алдына мүсәпір етіп шығарып, "көмекке зәру" деп ақша жинап берудің қажеті жоқ. Аяқ-қолым сау. Жастайымнан еңбекке үйренген адаммын. Қалаберді 36 000 зейнетақым бар", - деді.

Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Айгүл апа сөйлесе келе, күннің аязды суығына қарамай, таңғы бестен бастап көмек сұрап жүргендегі құпиясымен де бөлісті.

"Жеті баланы дүниеге әкелдім. Бес жыл бұрын қайтыс болған шалым кезінде құқық қорғау органдарда жақсы қызметте еңбек етті. Қартайғанда зейнетақысы да жақсы болды. Балалар жас кезде, тұрмыстық жағдайымыз жақсы болды. Шалыма, ата-енеме - бәріне де ризамын. Тек сол дүниенің арқасында балаларымды еркелетемін деп шолжаңдатып жіберіппін. Бәрін университетте ақылы оқытып, дипломын алып бердім. Үйлендірдім. Бірақ шетінен араққа салынып кетті. 8 немерем бар. Солардың болашағына алаңдаймын. Балаларға дұрыс тәрбие бере алмағанымның кесірі немерелеріме тимесін деп алақан жайып, жұрттан көмек сұрап жүрген жағдайым бар", - деді. Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Өзін жылтыр киім, тәтті тамаққа, жеңіл жұмысқа қызықпайтындардың қатарына жатқызатын Айгүл ана шалы дүниеден өткеннен кейін ауылдағы балалардың жүрісіне шыдай алмай, "Алматыға сауда жасаймын" деп кетіпті.

Алғашқы кезде саудасы дұрыс болмай ауылдан алып келген ақшасын бітірген. Содан немересін арқалап мешіттен көмек сұрап барған. Ол жердегілер "одан да жұмыс істе" деп шығарып салған. Содан мешіт алдында қайыр сұрайтындардың қатарына қолын жайып тұра қалады. Алайда қалалықтар Айгүл ананың алақанына ақша тастағанымен өзге қайыршылар тартып алып, өзін немересімен қоса сабап тастапты. Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Содан кейін қайыршыларды  алыстан көріп қашатынын да жасырмайды. Қазіргі жұмысында бірнеше рет балаларымен жүретін сығандар тиісіпті.

"Біздің территорияға кіруші болма" дейтіндердің талабын бұлжытпай орындайды. Себебі сыған әйелдері ақ шашты ананы жұлқылап, балалары таспен ұрып, қорлаған кезі болыпты. Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

"Қайыршының үш түрі болады: біріншісі - ішімдікке салынғандар, екіншісі - "халтурщик", үшіншісі амалсыздан осы жолға түскендер. Менікі - үшіншісі. Таныстарым көріп қалады ма деп жол бойында күнде қорқып жүремін. Немерелерім әлі күнге мені сауда жасайды деп ойлайды. Күніне 2000-3000 теңгедей ақша табамын. Ал жұма күндері 5000-6000-ның аралығында", - деп Айгүл ана қайыршы болып жүргенде көріп, көңіліне түйген ойларымен де бөлісті.

Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Көпшілік көлігімен тоқтап, жағдайын сұрап ақшасын беріп,садақасы қабыл боларына сенімді. Себебі Айгүл ана әрбір көліктің соңынан дұға етіп, иіліп сәлемін береді. Әрбір көлік жүргізушісіне жылы сөзі мен тілегін жаудырады.

Жұмысына баражатқандар кәдімгідей қарияның ақ батасын алғанына риза болып, көңілдері бір көтеріліп қалатынын да жасырмайды.

Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото) Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото) Ақ шашты ана қалай қайыршылық жолға түскенін баяндады (фото)

Источник: NUR.KZ