Ұлттық кәсiпкерлер палатасы атауын өзгерттi

Ұлттық кәсiпкерлер палатасының съезi барысында палата атауы өзгертiлдi. Делегация мүшелерiнiң дауыс беруiмен палата атауы бiрауыздан "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп аталатын болды.

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы атауын өзгерттi "Ұлттық кәсiпкерлер палатасы "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының заңды мұрагерi екенiн бiлесiздер. Өз кезiнде "Атамекен" Ұлттық экономикалық палатасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және бүгiнгi палатаның iргетасы сол болды. 2014 жылы кәсiпкерлердiң ықпалдасуы, олардың заңды құқықтарын қорғау саласында атқарған қыруар жұмысы "Атамекен" ҰЭП салып кеткен жолдың негiзiнде ғана мүмкiн болып отыр", - дедi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев. Құлыбаев сондықтан Ұлттық кәсiпкерлер палатасының атауын "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп өзгерту жөнiнде ұсыныс айтылғанын атап өтті. Сондай-ақ мұндай өзгерiстер палатаның тиiстi жарғыларына енгiзудi талап ететінін де жеткізді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында үкімет және "Атамекен" одағы ҚҰЭП бірлескен шешімімен 2013 жылдың 9 қыркүйегінде құрылған, өзін-өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым. Сонымен бірге, әзірленіп жатқан индустриялық-инновациялық дамуының 2015- 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ҰКП-ға тиісті стратегиялық құжаттар мен даму жоспарларын талқылау мен әзірлеуде маңызды рөл берілген.

Источник: ИА "Казинформ"