Түркия талабымен facebook Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген парақшаны жауып тастады

Түркияда Facebook Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарды келемеждеген ақпараттар таратқан интернет парақшаны жауып тастады, деп жазады Би-би-си.

Түркия facebook-тен Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген парақшаны жауып тастауда сұрады Жергілікті БАҚ келтірген деректер бойынша, Анкара компания талапты орындамаса, елдің бүкіл аймағында "Фейсбукке" тыйым салып, бұғаттап тастайтынын айтқан. Осыдан екі апта бұрын елдегі тағы бір сот Charlie Hebdo сатиралық журналының екінші мәрте Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарды келемеждеген суретпен жарыққа шыққан санын жариялаған интернет парақшаларды жабу туралы қаулы шығарған.

Источник: ИА "Казинформ"