Турист Алматы маңынан қар барысын суретке түсіріп алған

Турист Сергей Михальков Алматы маңындағы таулардың бірінде тірі қар барысын суретке түсіріп алды.

Турист Алматы маңынан қар барысын суретке түсіріп алған Туристің эксклюзив суреттері мен сирек кездесетін жыртқышты көріп қалғаны жайлы әңгімесі "Ветер Странствий" журналында жарияланды.

"Панорамада желсіз, жылы ауа райы болды, ары қарай 60 метрдей жүргеннен кейін (Комсомол шыңына қарай) ірі іздерді байқадық. Ақ тышқанның ізі емес екені анық болды. Қажеті болып қалар деп, суретке түсірдік. Тағы жүріп көруге бекіндік. Жота бойында іздер Солтүстік Талғарға қарай жалғасты. Бедерін бақылап, баяу қозғалдық. Төменгі жақта бірдеңе қозғалды - бір шығыңқы қара дақ, тастардың сол жағында қардың ернеуіне жақын жерде. Біз бірдей тоқтап, жотаның көлеңкесіне қарадық. Түсініксіз, қара дақ та қатып тұрып қалды, ал бірнеше секундтан кейін бір жерде айналды, жануардың пішінін байқадық. Қаланың елтаңбасындағыдай!", - дейді турист. Турист Алматы маңынан қар барысын суретке түсіріп алған Турист Алматы маңынан қар барысын суретке түсіріп алған "Абырой болғанда, барыс бұрылып, ауыр құйрығымен бұлғады да Комсомал жаққа қарай, содан кейін Сол Талғарға өз жолымен кете барды. Міне, осы кезде мен фотоаппаратты алдым да, батырманы басып қалдым! Әйтеуір бірдеңе шықты...", - деп жазады автор. Саяхатшы бұл оқиғаның дәл қай уақытта болғанын нақтыламады, тек аптаның бір күні - сенбіні айтты.

Источник: Алаш Айнасы