Бас прокуратура экстремизмді насихаттаған 703 сайтты жапты

2014 жылғы 3 қарашада президент Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  заңға қол қойды.

Бас прокуратура экстремизмді насихаттаған 703 сайтты бұғаттады Бұл туралы  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZхабарлайды.

"Аталған жұмыс аясында 100 мыңнан астам интернет-ресурстарға мониторинг жасалды. Нәтижесінде прокурорлардың және уәкілетті органдардың арызы бойынша сот 703 интернет-ресурстың өнімдерін заңсыз деп таныды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, сот 198 ақпараттық материалдардың мазмұнын экстремистік деп тану туралы прокурорлар арызын қанағаттандырды. Бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

Источник: NUR.KZ