Жансая Әбдімәлік "Прага Оупен" турнирінде үздік шахматшы атанды

15 жастағы қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Чехияда әйелдер арасында өткен "Прага Оупен" халықаралық турнирінде үздік шахматшы атанды, деп хабарлайды Bnews.kz.Жансая Әбдімәлік

Жансая Әбдімәлік 9 турда 6 ұпай жинап, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті. Ал турнирді 8 ұпаймен украиналық гроссмейстер Александр Носенко жеңіп алды. Жалпы, біріншілікке әлемнің түкпір-түкпірінен 209 шахматшы жиналды. "Жансая бұл турнирде өз рейтингін 10 орынға жоғарылатты. Ауыз толтырып айтатындай дүние жоқ та шығар, дегенмен, белгілі бір деңгейде ілгерілеу бар", - дейді шахматшының әкесі Данияр Әшіров. Сонымен қатар, Әбдімәлік алдағы жоспарларымен бөлісті. "Қаңтардың соңында Францияда өтетін "Капелла ля-Гранде" турниріне, оның артынша Исландии "Рейкъявик Оупен" біріншілігіне қатысамын. Бұл турнирлердің қай-қайсысы да ең мықты деген шахматшылар жиналатын әлемдік дода. Сондықтан, бұл турнирлерден қалмай, қатысу керек", - дейді спортшы қыз. Айта кету керек, қазір Жансая Әбдімәлік белгілі маман Владимир Чучелов пен Давид Арутюнянның қол астында жаттығып жүр.