Ел ұраны - Ер Жәнібек

ER-JANIBEK1   Елінің тыныштығы жолында жарты ғасыр бойы аттан түспей, ерлігіне дос түгілі дұшпанды да сүйіндірген батырдың ұрыстағы көзсіз ерлігі, ақыл-парасаты мен сардарлығы әлі күнге дейінгі аңыз болып айтылып келе жатқаны белгілі. Алайда, қазақ халқының хан кешті қайғылы тағдыры қол бастаған сардарын, ел бастаған көсемін, дауды шешкен шешенін, жауды қуған батырлардың талайын тарихи аренаға көтерді. Бірақ батырдың да батыры бар. Тәуке заманын айтпағаннің өзінде 1723-ші жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бастап жаудың бетіне, желдің өтінде болып, қабырғасы қайыспай, ел тағдырын арқалаған Қанжығалы Бөгенбай, Қара Керей Қабанбай, Шапырашты Науырызбайлардың ерен ердлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Осындай батырларымыздың әрбіріне бір-бір роман, монографиялық шығарма арнаса да, артықтық етпес еді. Өкініштісі өткен Кеңестік идеология екі иықтан батпандай басып, еңсені көтертппеген заманда белгілі ғалым, тарихшылар мен ақын-жазушылармыз амалсыздан тіліп тістеп өтті. Соның кесірінен көптеген көне сөздердің естелікке әңгімелері хатқа түспей, тарихи құжаттар да қолдан шығып кеткен екен. Рухын ұлықтауға тисті батыр бабалармыздың бір талайының есімі мен ерлік жолдары өшкіндеген. Сол бір ақтандық жылдарыда аты ұмытылуға жақын болған бабалармыздың бірі Керей, Бердәулетұлы Ер Жәнібек. Оның дәлелінің бірі - батырдың туған жылын 1711, 1714 жылы, өлген жылын 1792, 1793, 1794-ші жылы деген сияқты екі ұшты жазып келе жатқандығымыз. Десе де Абылай ханның бас батырларының бірі болып, оның оң тізесінен орын иеленген Ер Жәнібек батыр қолына қару алып, Қазақ жеріне көз алартқан қаптаған қалың жоңғарға қарсы ел үшін, жер үшін қол бастап қан майданда нағыз батырларша соғысқан. Жоңғар шапқыншылығына ұшыраған, торғайдай тозған елін қорғауды өзінің басты парызым деп түсінді. 1726 жылы 18 жасында алғаш ұрысқа кірген Ер Жәнібек ежелгі қазақ жерін Жоңғар шапқыншылығынан толықтай азат еткенше, аттан түспегені белгілі. Ол әсіресе 1726-1757 жылдар аралығында жоңғарлармен болған шайқастардың барлығына қатысып, ерен ерлігімен ел есінде қалған батыр. Шубаер теңіз жағасындағы, Буланты өзенінің бойындағы, оның ерлігі, шешендігі жайында Абақ Керейден шыққан белгілі ғұлама, кемеңгер ақын Ақытқажы Үлімжіұлы «Ер Жәнібек» дастанында батыр тұлғасын былайша суреттейді: "Жәнібек он алтыға келген жасы, Бұлшық етті, бура саны, зор тұлғасы Жауырынды, иықты, қас-қабақты. Ер жүрек батырдың бар нышанасы. Денелі, еңгезердей, сұңғақ бойлы, Кеуделі, кеңнен толғар, терең ойлы. Кішпейіл, кең мінезді, кешірімді, Ел тарықса табады ол тура жолды. Тілеген еліне ерек берекені, Түсінген жаудан келер әр екені. Желбуаз жесір сөзге жан семіртпес, Танылған жасынан-ақ ер екені" - дейді. Тәукейұлы «Ақыр Жәнібек» романында: Ер Жәнібек 12 рудан тұратын Керейдің Абақ тайпасының ел ағалары мен атқамінерлер ақылгөйлері бас қосқан жиында, «Ел іргесін орыстан аулақтап, ежелгі мекен, ата-жұрты –Алтайға ат басын бұрсақ қалай көресіңдер» деп сұрап олардың келісімін алған соң Абылай ханның келісімін алуға оның алдында екі мәрте барады. Алғашында «Ағайыннан алшақтап кетесің!» деп хан рұқсат бермейді. 1711 жылдың күзінде Жәнібек би көкшедегі Абылай ханның ордасына екінші рет барады. Сонда Абылай қалың ойға шома отырып: «О, аңсарың ауған Алтайға да жетерсің, арада бір ғасыр өткен соң жат болып та кетерсің. Артыңнан ерген ер айдаhардың ауызына түссе, алпауыт батыр боласың да кетерсің? – деген көрінеді. Алтайға көшіп барған Абақ Керейдің ондағы жағдай да бірден оңалып, оңай бола қоймады. Бір жағынан Абылай хан бастаған қазақ сарбаздарынан екінші жағынан Қытай әскерінен оңбай жеңіліп тоз-тозы шыққан жоңғардың тайпалары мен қазақтар арасында жақсы болмағандықтан ол жақта да соғысуға тура келген. Бұл жайында Абақ Керейдің шыққан ғұлама, кемеңгер ақын Ақыт Үлімжіұлы «Абақ Керей» шежіресі кітабында былай деп суреттеген: Алтайға келген елдің Керей алды, Жәнібек елге тірек бола қалды. Керейді қалмақ шауып қырыпты, деп Жәнібек Қабанбайға кісі салды. Қабанбай хабарды естіп келген екен, Керейдің аққан қанын көрген екен. Біргіп екі батыр тізе қосып Сазайын қалмақтардың берген екен. Моңғолмен екі батыр соғыс салған, Түтігіп қара тымақ найзаны алған. Бере алмай бұған төтеп қалмақ жауы Қобдаға қаша көшіп кетіп қалған…. Шынжань қаламгері мен батырдың ұрпақтарының естелігіне сүйенсек, Жәнібек 12 рет жекпе-жекке шығып, бақталас жауының басын қанжығасына байлаған екен. Ал, Ұлы шайқастарда «Ақтабан», «Абылайлап» ұрандап, топ бастаған ерліктері бір төбе. Сондықтан ол «Ер Жәнібек» деген атаққа ие болды. Бұл марапатты кейбір зерттеушілер «халықтың берген атағы» дейді. Жалпы тарихи үрдісіне жүгінсек ұлы шайқастың жеңісінен соң хан, ұлы билер ортадан озған батырларды қолпаштап, сарбаздың рухын көтеріп отырған. «Қабанбай», «Үкі батыр», «Жайсаңбоз», «Дарабоз»деген атақтарды Бөгенбай мен Ерасыл сынды ұлы тұлғаларға көленең келген көкаттылар бере салмаса керек. Меніңше, «Ер Жәнібек»атағын Абылай хан, Қазыбек би, Қабанбай түмен сияқты «Үлкендер» тобының біреуі беруі ықтимал.   Сырымбек ТӨЛЕУҰЛЫ, Астана қаласы