«Ақжолдықтар» мемлекеттік наградалармен марапатталды

3 Салтанатты шараны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз азаматтарының еңбегі арқасында мемлекет құру, экономиканы нығайту, әлеуметтік даму, елдегі достық пен тұрақтылықты сақтау ісінде зор табысқа жеткенін атап өтті. – Жыл өткен сайын жетіс­тіктеріміз еселеп артып келеді. Бұл да экономика, саясат және мәдениеттің барлық саласындағы еңбектің нәти­жесі. Бүгін біз құрмет көрсетіп отырған жандардың бәрі кәсіпқойлығы арқасында өз ұжым­дарында үлкен сый-құрметке және жоғары беделге ие болды. Мемлекеттік марапаттар олардың өлшеусіз үлестерін көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаеваға берілді. «Отан» орденімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев марапатталды. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалы­сының ізбасары ретінде еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мүшелерінің еңбегі мемлекет тарапынан бағаланды. Яғни, «ақжолдықтардың» арасынан Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі хатшысы Сұлтанов Әбдіразақ Кенжебекұлы,«Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық партия филиалының төрағасы,«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракция жетекшісінің кеңесшісі Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы және «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық кеңесінің мүшесі Жампейісов Көпесбай Оразбайұлы Қа­зақстан Республикасының «Құрмет» орденін иеленді. 4

                                                                                                        Әбдіразақ СҰЛТАНОВ

5

                                                                                                            Жаңбырбай МАТАЕВ  

7

                                                                                                            Көпесбай ЖАМПЕЙІСОВ   

Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының мүшесі Әбілдаев Азамат Рахатұлы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 6

                                                                                                           Азамат ӘБІЛДАЕВ

«Ақ жол» партиясымен бірге, халықтың қамын ойлаған елжанды азаматтардың ел алдындағы еңбегінің еленуімен құттықтаймыз. Егемен елдің ертеңі үшін еткен еңбектеріңіз жемісті бола берсін демекпіз!