Елорданың экономикалық ахуалы жаңа мемлекеттік органның назарында

Соңғы 5 жылдың ішінде Астана қаласы бойынша салық жинау өсімі екі есеге өскен, әр қызметкерден түсетін есеп 3,5 АҚШ долларына сәйкес келеді. Бұл туралы Астана қаласы мемлекеттік кірістер жөніндегі департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов Астана қаласы әкімімен кездесуде мәлім етті.
Сқақовтың айтуынша, мемлекеттік басқару органдары жүргізген әкімшілік реформаларды оңтайландыру арқылы бизнесті жүргізу процедураларын жеңілдетеді. Бұл реформа мемлекеттік кірістер Комитеті құрамына енген салық және кедендік қызметтеріне де тікелей қатысты. Мемлекеттік кірістер Комитеті құрамына сондай-ақ экономикалық тергеу жөніндегі қызметі де кірді.
-Елордадағы электронды мағлұмдау көрсеткіші 92%-ды құрады. Шот-фактураларды электронды түрде өз бетінше жүргізу жүйесі жүргізілді. Бұл жүйе бизнесті жүргізуде уақыт тиімділігін сақтайды. Деректерді табыстау бақылау-машиналарының көмегімен дәл уақытында жүргізілуге көшті. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметтер интеграциялары халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірге тіркеуден өтуге арналған жобаның алғашқы нұсқасы да жүзеге асты, – деді Ә.Сқақов.
Кездесуде сөз алған Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков елорданың экономикалық дамуы жолында, Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты жолдауында көрсетілген  мемлекеттік мекемелер жаппай жұмыс алгоритмін жасау қажеттігін айтты.
-2015 жылы қалалық бюджет 335 млрд. теңгені құрайды. Жеке табыс 20 пайыздық өсіммен 160,8 млрд. теңгеден астам көлемде бекітілді. Оның 90 пайызға жуығын салық түсімдері құрайды. 2014 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша Астананың мемлекеттік бюджет кірісі департаментінің желісі бойынша мемлекеттік бюджетке түсім 662,1 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде республикалық бюджетке 513,7 млрд. теңге, ал жергілікті бюджетке 145,5 млрд. теңгеге жуық қаржы аударылды.Бұған қоса, қала бюджетінен бөлінетін трансферттер мен кредиттерге тәуекелін төмендетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде, – деді Ә.Жақсыбеков.
Кездесу барысында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Сқақов қаладағы бизнес-климатты жақсартуға және Астана қаласы мәслихатының өкілеттілігін арттыру мақсатында бизнесті дамытуға арналған өңірлік бағдарламаны қабылдауды ұсынды. Жаңа мемлекеттік құзырлы орган енді электронды жүйе арқылы бизнеске қолдау көрсетеді.

Айнара Байжан