Елдегі экономиканың құлдырауына байланысты әлеуметтік жағдайдың нашарлауы әлі де байқалатын болады, дейді мамандар. Бүгінде дүкен сөрелері босап қалудың аз-ақ алдында. Дүкен иелері рубльдің күрт құлдырауынан тауар бағасын ауыстырумен әлек.
Ел астанасы Мәскеуде пәтер сатып аламын деушілердің қатары күрт артты. "Доллар сатып алу тым кеш болғандықтан, жұрт шаршы метр алуға асық", - деп суреттейді қазіргі ахуалды Blackwood-тың басқарма серіктесі Константин Ковалев.
"Мортон" тобының президенті Александр Ручьев те дәл осындай пікірін білдіріп қалды. "Халық соңғы мүмкіндігін пайдаланып, несие рәсімдеуге кірісті", - дейді ол.
Сарапшылар бұл жағдай ұзаққа бармайтынын айтады. Олар, таяу күндері рубль орнығып, бағалар аспандап кетеді деген ойда.