ЖАҢА ЖЫЛДЫ БІР АЙ БҰРЫН БАСТАҒАН ҚАРАҒАНДЫ БИЛІГІ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ НЕГЕ ҚАРСЫ ?!.

Қарағандыда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар өтпеді. Мерекені атап өту үшін Тәуелсіздік стелласына жиналған қарағандылықтар бос алаңды көріп, меселі қайтты.

Қарағанды билігі Тәуелсіздік күнін тойлауды ұмытып кеткен Қарағанды билігі Тәуелсіздік күнін тойлауды ұмытып кеткен В Караганде зажжена новогодняя ёлка! 40 жыл ұстаздық еткен Раушан  Нарымбаева облыс әкімдігі алдындағы Тәуелсіздік алаңына арнайы келді. Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы ата-анасы армандаған Тәуелсіздік күні Қарағандыда елеусіз қалды деп есептейді. "Үйде немеремді бағып отырмын. 16-17 Тәуелсіздік күні ғой деп балаларым әдейі көңіліңді көтеріп кел деп жіберген. Осыдан 2 жыл бұрын сахна орнатып, концерт ұйымдастырылған еді. Шахтинск, Саран қалаларының Мәдениет үйлері, студенттер концерт қойған. Алайда, биыл жым-жырт. Қайда не болатынын ешкім білмейді. Не нәрсе бұл?", - деп қапаланды қала тұрғыны Раушан Нарымбаева.

Осыдан 2 жыл бұрын сахна орнатып, концерт ұйымдастырылған еді. Алайда, биыл жым-жырт. Қайда не болатынын ешкім білмейді. Не нәрсе бұл?

Қарағанды тұрғыны қалада кештетіп жиналыс өткенін, алайда, зейнеткер болған соң ондай жиындарға бара алмайтынын айтқан. "Адамдарға деген қамқорлық, жанашырлық қайда? 40 жылғы еңбегіміз бағаланбай ма, концерт көрмейміз бе?",-дейді Қарағанды тұрғыны Раушан Нарымбаева. Мерекелік салтанат көрем деп келген зейнеткер бос алаңды айналшықтап үйіне қайтты. Осы алаңда еліміздің қастерлі мерекесін атап өтуге келген бір топ азамат Тәуелсіздік стелласына гүл шоқтарын қойды. 7 рет қажылыққа барған ғалым, қайраткер Айтқожа Фазылов Тәуелсіздік үшін құрбан болған барша қазақ азаматтарына бағыштап құран оқыды. Қарағанды облысы әкімшілігінің алдында тігілген бас шыршаны Тәуелсіздік күнінен кейін де орнатуға болар еді дейді Айтқожа Фазылов. "Қараңыздаршы, Қарағанды деген облыс орталығында мейрам дегеннің белгісі бар ма? Алдымызда шырша ғана тұр. Көшеде адам жоқ. Көше безендірілмеген. Тастан салынған қаланың туған күнін, кім болса соның туған күнін марапаттауға сұмдықпыз. Ат шаптырып, той жасап, киіз үй құрамыз. Ең басты мейрамымыз – Тәуелсіздіктің түрі мынау. Тәуелсіздіктен бір күннен кейін мына шыршаны қойса да, ештеме етпес еді ғой", - дейді Айтқожа Фазылов.

Қараңыздаршы, Қарағанды деген облыс орталығында мейрам дегеннің белгісі бар ма?Көшеде адам жоқ. Көше безендірілмеген.

Ол шыршаны қоюға қарсы еместігін, тек желтоқсанның 16-17 күндерінен кейін қойса да, кешікпейтінін айтады. "Қарағандыны түнде араладым, күндіз араладым. Ішім жылап тұр, Тәуелсіздікті жергілікті әкім, жергілікті биліктің төмен түсіргеніне",-дейді Айтқожа ақсақал. Қарағандылықтар Тәуелсіздіктің Жаңа жыл мейрамының тасасында қалғанына наразы. Есесіне, жергілікті билік Тәуелсіздік алаңында Бас шыршаның жұлдызын жағып, Аяз аталар мен Ақшақарлар парадын ұйымдастырмақ. Қарағанды шаһарынан Тәуелсіздік күнімен құттықтаған белгілерді таппағанымызбен, Жаңа жылды бейнелейтін мүсіндер, шыршалар мен құттықтауларға қаражаттың жеткілікті бөлінгеніне куә болдық. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қарағандыда бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін орнатылған болатын.