Кәрімов: Арал теңізін толығымен қалпына келтіру мүмкін емес

Арал теңізін толығымен қалпын келтіру мүмкін емес деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.

Кәрімов: Арал теңізін толығымен қалпына келтіру мүмкін емес
Фото: forbes.kz

"Өкінішке орай, бүгінгі таңда Арал теңізін толығымен қалпына келтіру мүмкін еместігі белгілі  болды", - делінген "Экологиялық апат салдарын жеңілдету бойынша Арал теңізі өңіріндегі ынтымақтастықты дамыту" халықаралық конференциясына қатысушыларға арнаған сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, "Аралдың тартылуы су ресурстарының тапшылығын күшейтіп, маусымдық құрғақшылықты арттырып, қыс мезгілін ұзартып, Памир мен Тянь-Шань тауларындағы мұздарды тез еріте отырып, Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығын жүргізу жағдайын нашарлатып, барлық Орталық Азия климатын өзгертті".

"Қазіргі таңдағы маңызды міндет – Арал теңізінің қоршаған орта мен Арал маңында тұрып жатқан миллиондаған адамдардың өміріне  апатты ықпалын қысқарту, соның ішінде тереңінен ойластыра, жобаны қаржыландырудың  атаулы, нақты көздерін қамтамасыз ете отырып жүзеге асыру", - деді Кәрімов.

Ислам Кәрімовтың пікірінше, "өңірдегі ірі көлдердегі ойланбастан жасалған ірі масштабты  гидротехникалық құрылғылар құрылысы мен Амудария және Сырдарияның трансшекаралық өзендерінің табиғи су арнасын реттеу тарихтағы ең ірі әлемдік экологиялық апаттардың біріне айналды". "Бұрынғы бірегей, әдемі және әлемдегі ең ірі жабық су арнасының бірі болған Арал теңізі бір ұрпақ өкілі ғұмырының барысында толығымен жойылу алдында тұр, ол теңдесіз апатқа айналып, сол жерде тұратын халықтың өміріне, Арал маңының экожүйесі мен биоәртүрлілігіне  орны толмас нұқсан келтіруде", - деп атап өтті ол.

Источник: КазТАГ