Бас прокуратура шенеуніктерді психикалық тексеруден өткізуді ұсынды

Шенеуніктер жұмысқа қабылданар алдында жаппай психикалық тексеруден өтуі мүмкін. Бүгін Бас прокуратура осындай ұсыныс көтерді деп хабарлайды КТК арнасы.

Бас прокуратура шенеуніктерді психикалық тексеруден өткізуді ұсынды Өйткені, соңғы кезде істі болған шенеуніктердің арасында аяқасты жүйкесі сыр беріп, ауырып қалатын әдет жиілеп кетіпті. Ал, мұндай жағдайда қылмыстық іс тоқтатылады.

Прокурорлар дәл осылай ауырып қалғандарға қатысты арнайы тексеру жүргізіп жағасын ұстап отыр. Өйткені, атқамінерлердің көбіне жазадан құтылу үшін жалған ауырып қалатыны анықталған.

Ауыр қылмыс жасап, ұсталғаннан кейін жүйкесі сыр берген дөкейлер әсіресе Алматы, Оңтүстік Қазақстанда көп екен.

Сондықтан кез-келген азамат мемлекеттік қызметке қабылдар алдында оның психикасы жіті тексерілмекші.

Источник: NUR.KZ