Өскемендегі Қасым Қайсеновтің ескерткішінен қате табылды

Өскемен қаласында қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсеновтің кеуде мүсіні қойылғанына бірнеше жыл өткен. Алайда, мүсін тұғырындағы жазуда өрескел қателік кеткеніне күні бүгінге дейін ешкім назар аударған емес.

Өскемендегі Қасым Қайсеновтің ескерткішінен қате табылды Өскемендегі Қасым Қайсеновтің ескерткішінен қате табылды Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетіне сілтеме жасапАйналайын сайты хабарлайды.

Мақалада ескерткішке: "Герой Великой Отечественной войны, командир партизанского движения, кавалер ордена "Народный защитник", - деп тасқа қашап жазылғаны айтылған.

Алайда, автор Қазақстанда "Народный защитник" деген орденнің жоқтығын айтады.

"Бұл, біздің түсінігімізше, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылы бекітілген "Халық қаһарманы" атағының шалажансар аудармасы",- делінген аталған мақалада.

"Халық Қаһарманы" атағы 1993 жылдан бергі аралықта 25 адамға берілгенін айта кету керек. Бұл атаққа ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі ретінде "Алтын жұлдыз" және "Отан" ордені қоса тапсырылады.

Источник: NUR.KZ