Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Астана қаласының жаңа әкімі болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланған деп жазады Қазақпарат.

Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалды "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активіне қаланың жаңа әкімі Әділбек Жақсыбековті таныстырды", - деп жазылған Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Жақсыбеков бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі, Қорғаныс министрі қызметін атқарған. 2014 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.

Еске сала кетейік, бүгін алты жылдан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.

Источник: NUR.KZ