Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның қорғаныс министрі қызметіне тағайындалғаны туралы Ақорданың Twitter- аккаунтында хабарланды.Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

"Иманғали Тасмағамбетов Астана әкімі қызметінен кетіп, Қазақстанның қорғаныс министрі қызметіне таныстырылады", - деп бұған дейін бірнеше ақпараттық агенттігіне үкіметтегі сенімді дереккөз хабарлаған еді.

Осыдан бұрын ақпараттандырылған дереккөз, Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігіне қорғаныс министрі Серік Ахметовтың отставкаға кететіні туралы хабарлаған болатын.

"Ахметов отставкаға кетеді. Оның не үшін қызметінен кету себебі әзірге белгісіз", - дейді ол.

Иманғали Тасмағамбетов 2008 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Астана қаласының әкімі, ал 2004-2008 жылдары Алматы қаласының әкімі болып істеген.

Источник: NUR.KZ