Порошенко Астанамен ғарыш саласында ынтымақтасуға мүдделі

Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облысына барғанда Қазақстанмен ғарыш саласында ынтымақтастық орнатудың келешегі жайлы айтты.

Порошенко Астанамен ғарыш саласында ынтымақтасуға мүдделі екенін айтты Бұл туралы Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап "Азаттық" хабарлайды.

Ресми ақпарат бойынша, Порошенко Михаил Янгель атындағы "Южное" конструкторлық кәсіпорнына барып, Украинаның ғарыш саласының жай-күйі, проблемалары мен даму келешегі туралы жиын өткізген.

"Жиында Порошенко ғарыш саласында басқа да мүдделі мемлекеттермен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастық орнатудың келешегі туралы мәселе көтерді" дейді Украина президентінің баспасөз қызметі.

Источник: NUR.KZ