Төрт күндік жұмыс тәртібі тиімді ме?

imgres Қазақстанда аптасына төрткүндік жұмыс тәртібін енгізуді алғашқы болып банктер, соның ішінде, РБК қолдады. Банк қызметшілері қазірдің өзінде оның тиімділігін сезінгенге ұқсайды. Еңбек тәртібі өзгергенімен, жалақы бұрынғы мөлшерде қалмақшы. «Бейресми түрде бұл күнді «шығармашылық күні» деп атаймыз. Мен енді уақытымды отбасыма, таным көкжиегімді кеңейтуге арнамақпын. Ұлыммен спорттық үйірмеге жазылуды, шет тілін меңгеруді, қызықты әдебиеттер оқуды да жоспарлап қойдым» - дейді банктың бұрынғы қызметкері Максим Юхименко. Қазір банкте 900 мыңнан астам қызметкер болса, соның 15 пайызы төрткүндік жұмыс кестесіне ауыстырылған. Халықаралық еңбек ұйымының бұл ұсынысын қазір Қазақстан қоғамы да талқылап жатыр. Сала министрі Тамара Дүйсенова бастаманың бізге қолайсыз екенін айтып, бұл еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізеді деді. «Қазір 4 күнге қысқартсақ, инновациялық жобалар, табыстар күрт төмендейді. Сонда төрт күн деп қалған үш күнінде аш жату керек пе?» - дейді Мәжіліс депутаты Серікбай Нұрғисаев. Еңбек ұйымының ұсынысын қолдаушылар артық жұмыс істеу мен күш-жігерді сарқу ауру-сырқауға жол ашады дегенді айтады. Сарапшылар өз зерттеулерінің нәтижесінде әлемнің барлық елдерінен осы бастаманы қолдауды сұрап отыр. Ларри Пейдж бен Карлос Слим сияқты магнаттар да жұмыс аптасын қысқартуға байланысты «Егер төрткүндік жұмыс аптасын енгізетін болсақ, бір орынға екі жұмысшы алуға болады. Сол арқылы адам ресурсын үнемдер едік» деген пікірде. Байқауымызша билік басындағылар бұған қарсы. Біздіңше, бір орынға екі жұмысшы істесе пайдасы мол. Бірақ, бұған барлық ұжымдар бара бермесі анық, өйткені қаржы керек. Ал, банктер бай болған соң қолдау көрсетіп отырғаны түсінікті.