Мәми: Халық арасында сотқа барудың пайдасы жоқ деген пікір қалыптасқан

Қазақстандық сотқа келушілер қатарының жыл сайын артып жатқанына қарамастан республикада сотқа шағымданудың пайдасы жоқ деген пікір қалыптасқан, дәп мәлім етті Жоғары соттның төрағасы Қайрат Мәми. Мәми: Халық арасында сотқа барудың пайдасы жоқ деген пікір қалыптасқан

"Арбитраж және аралық сот мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу бойынша ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан бизнес-қауымдастықтармен жемісті қарым-қатынасымызды атап өтсек болады, палата өкілдерінің кәсіпкерлер арасындағы дау бойынша медиатор ретінде қатысу мүмкіндігі талқылануда. Сонымен қатар қазақстандық сот жүйесі соңғы жылдары ішкі қолданушылардың сот жұмысы туралы терс пікірлерімен бетпе-бет келіп отыр. Мәселен, сотқа жүгінушілер қатарының жыл сайын артуына қарамастан қоғамда сотқа бару тиімсіз, тіпті барудың пайдасы жоқ деген пікір қалыптасқан", - деді Мәми дүйсенбіде дипкорпус өкілдеріне арналған брифингте.

"Өкінішке орай мұндай пікір бірең-сараң емес. Жақында ғана бір танымал сыйлы қазақстандық ғалым жоғары мінберден соттарды қатаң сынға алды, алайда одан сұрау барысында оның ешқашан сотқа қатыспағаны, сот жұмыстарын арнайы зерттемегені анықталды, сондай-ақ ол сот жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар да жасай алмады", - деп атап өтті ол.

Бұл ретте ЖС басшысы әлеуметтік сауалнамалардың қазақстандықтардың сотқа деген сенімінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

"2014 жылдың шілдесінен бастап елдің экономикалық соттарында бизнес субъектілерінің, сот талдауларына қатысушылардың  экономикалық соттар жұмысының сапасы туралы әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Алдын-ала ақпар бойныша сауалнамаға қатысқандардың 86%-дан астамы соттардың кәсіби құзыреттілік деңгейіне қанағаттанатындарын білдірген. Олар оған қол жетімділік деңгейі мен   сот жүйесінң тәуелсіздігіне де жақсы баға берген.  Әлеуметтік сауалнаманың ақырғы нәтижелері алдағы жылдың қаңтарында шығарылады", - деді ол.

Оның айтуынша, 2012 жылы аудандық соттарда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға  қатысқан қазақстандықтардың   82,4%-ның сотқа толық сенетіндерін көрсеткен.

Еске салсақ, Қазақстан 2014 жылы World Justice Project халықаралық ұйымы құрастырған жоғары құқық индексінде 99 елдің арасынан 71 орынға шықты. Одан кейін Өзбекстан (73 орын), Қытай (76 орын), Қырғызстан (78 орын), Ресей (80 орын). Бұрынғы кеңес елдерінің арасынан Қазақстан тек Украинадан (68 орын) қалып қойды.

Источник: ИА "Казинформ"