Мэриленд штатының тұрғындары Обаманың сөзін тыңдамай тұрып кеткен

АҚШ-та Мэриленд штатының тұрғындары Демократиялық партия атынан губернаторлыққа сайланып жатқан Энтони Браунды қолдауға келген ел президенті Барак Обаманың сөзін тыңдаудан бас тартты. Бұл туралы жексенбі, 19 қазанда, Reuters хабар таратты, деп жазады Лента.ру
«Сіздер дауыс берулеріңіз керек», - деп қайталай берген Обама сөз сөйлеу барысында. «Ешқандай сылтау болмауы тиіс. Болашақ бізге байланысты», - деді мемлекет басшысы. Алайда қайталама сөзден жалыққан штат тұрғындары орындарынан тұрып, залды босата бастаған. Ақыры соңында залда қалғандардың бірі Обамаға сұрақ қойып, сөзін бөле бергендіктен, президенттің сөз сөйлеуі соңына жетпей үзілді. Агенттіктің хабарлауынша, Демократиялық партия атынан сайланғандардың көбі сайлауалды науқан барысында ұйымдастырылған жиынға Обаманың қатысуынан сезіктеніп отыр, себебі сонғы уақыттары президенттің ел алдындағы беделі біршама төмендеп кеткен. Мэриленде Браун Обаманың қолдауына мүлде мұқтаж емес еді, ол онсыз да басты қарсыласы – республикалық патриядан ұсынылған кандидат Ларри Хоганнан – үлкен басымдықпен алда келеді. Соған қарамастан президент Чикагода штат губернаторы Пэт Куиннге де қолдау білдіру үшін өңірге арнайы баратынын мәлімдеген. BNews.kz