Асылжан Мамытбеков отставкаға кетуге арыз жазды

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өз еркімен қызметінен кетуге арыз берді. Бұл туралы LS сайты ақпараттан хабардар үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті
Фото: tengrinews.kz
Дереккөздің хабарлауынша, "өз еркімен кету" туралы арызды Мамытбеков кеше кешке жазған. Бүгін отставка туралы арыз үкімет басшысының канцеляриясына түсті. Дереккөз анықтағандай, министрдің отставкасы туралы арыз бойынша шешімді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кабинетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен келісе отырып қабылдайды. Түсініктеме үшін хабарласқан тілшілерге Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Сәке Қалқаманов бұл ақпаратты растамады, алайды жоққа да шығармады. "Осы уақытта мұндай ақпарат бізге келіп түскен жоқ", - деді ол. Еске сала кетсек, 16 қазан күні сот Өмірияевты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 311 бабы 5 бөлімі (Пара алу) бойынша айыпты деп таныды. Оған тиесілі мүлкін тәркілеумен қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жылға жазасын өтеуге шешім шығарылды. Өмірияев сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан 7 жылға айырылды. Мамытбековтың өзі "сенімді жоғалтса, отставкаға кетуге дайын" екенін білдірді. "Мен оның кінәсіздігіне сендім, қазір де сенемін. Ол параны бопсалаған жоқ және ең бастысы, қызметтік бабын пайдалана отырып біреудің мүддесі үшін әрекет (немесе керісінше әрекетсіздік) жасауы мүмкін емес", - деді ол.
Источник: NUR.KZ